Қарағандыда тендердегі былықты жасыру үшін ірі көлемде пара сұраған шенеунікті әріптестері ұстап берді

Қолына кісен салынған Қанат Төреханов сонымен қатар Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекция басшысының қызметін атқарып келіпті. Министрлік тарапынан тексеріс жүргізген шенді олқылықтарға көз жұма қарау үшін Қарағанды облысы бойынша Дене шынықтыру және спорт басқармасының есепшісінен қомақты қаржы сұраған. Яғни, комиссия төрағасы бұл сомаға облыс әкімдігі жүргізген тендерді тексермей-ақ оң қорытынды шығарып беруге уәде еткен екен. Бірақ 4 жарым миллионды тым ауырсынған қарағандылық шенеуніктер әріптестерін ұстап берген.

Гүлсина Филиппова, Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы:

-Бұған дейін менен пара талап еткен соң арызданған болатынмын. Ақшаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі қызметкерлері әкеп берді. Бұл қаржы менікі емес, оның басқармаға да ешбір қатысы жоқ. 

Loading...