Қарағандыда тепловоз және түсті кен тиелген төрт платформа шойын табанынан шығып кетті

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 2 сәуірде 16 сағат 30 минутта Қарағанды қаласының темір жүк жолындағы Ащысу-Көкпекті аралық өткелінде түсті кен тиелген 4 платформа шойын табанынан шығып кетті. "Поездардың қозғалысы тоқталмады. Зардап шеккендер мен өлім-жітім туралы ақпарат келіп түскен жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Төтенше оқиғаның жою жұмыстарына Қарағанды -Сортировочная темір жол бекетінің поезі мен 15 қызметкер жұмылдырылды.