Қарағандыда тергеуші пара алғандығы үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды

Аға тергеуші жеңгетайлық және заңсыз есірткі сақтау дерегі бойынша жеңгетайлықпен айналысқан әйелдің үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында күдіктіні заңсыз есірткі сатып алу және сақтау қылмысы үшін қылмыстық жауапқа тартпауға уәде беріп 10 мың АҚШ доллары көлемінде пара боспалаған.

Күдікті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз жазған, сөйтіп тергеушіні 4 мың АҚШ долларын алу үстінде комитет қызметкерлері қолға түісрген. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы бойынша (боспалаушылық жолымен пара алу) және 24-бабының 3-тармағы бойынша айып тағылған.

"Сотта тергеуші дәлелдердің толық жиналғандығына қарамастан, өз кінәсін мойындаған жоқ",- деді мемлекеттік айыптаушы Болат Есембаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті