Қарағандыда тоғыз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Ол Шығыс Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін құқық қорғау орындарының назарына іліккен.

«2003 жылдың ақпанында ұсталған адам сыбайластарымен бірге Аягөз тұрғынына қарақшылық шабуыл жасап, оның 400 мың теңгесін қолды еткен», - деп нақтылады облыстың ІІД-нің баспасөз қызметі.


Ұзақ уақыт бойы ізін жасырған ер адам жедел шараларды қолға алу нәтижесінде ұсталды.

«Алдағы уақытта ұсталған адам Шығыс Қазақстан облысына жіберіліп, сот алдында жауап береді», - дейді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.