Қарағандыда тура банк алдында алаяқтар ұстады


  Дорба мен аузы мұрны теңгеге толы шабаданды жерде жаткан мына екі жігіт банктен алып шыққан. Қаржы полицейлері әр бумасында 5-10 млн теңгесі бар мол қаржыны қайта-қайта санап әуре. Бұл – салық төлемей есеп айырысып жүргендердің қаражаты. Ал мына жігіттер өздері ашқан жалған фирмалар арқылы сол ақшаны есепшоттарынан өткізіп, жалпы соманың 4 пайызын қалталарына басып отырған. Салық басқармасы болса, бұл фирмалардың қожайынын таба алмай жүрген екен. Осылайша күдіктілер екі жылда 10 миллиард теңгенің қазынадан қиыс кетуіне көмектескен дейді тергеушілер. Енді құзырлы орын бұлардың сыбайластарын анықтауға кірісті.