Қарағандыда түрмеден қашқандар жалдамалы пәтерден табылды


Сұлтан Лашкарев пен Виктор Шабунин тергеу қапасындағы шарушылық жұмыстарын жүргізу кезінде қашқан. Екеуі алдымен әкімшілік ғимаратына кіріп, кейін терезелердің біріндегі торды керіп, шығып кетіпті. Олардың бірінің бостандыққа шығуына 3 жарым жыл, ал екіншісіне 1 жыл 8 ай қалған. Енді мерзімдері ұзармақ. Қылмыскерлер түсініктемелерінде қараусыз қалған ғимараттан «еріккеннен» қашып кеттік депті. Айтқандай, осы мекемеден жарты жыл бұрын да бір тұтқын сытылып шығып, бостандықта бірер күн серуендеп келген болатын.