Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 17 қарашада Қарағанды облысының Абай ауданында болған. "Тастанды кәріз құдығына өз беттерімен түскен төрт жергілікті тұрғын онда өздерін қолайсыз сезіне бастаған. Ер адамдардың біреуі ғана жер бетіне шыға алды. Оны ауруханаға жатқызып үлгерген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Белгісіз газдан уланған үш адам оқиға орнында жан тапсырған. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті