Қарағандыда ұсталған экстремистер ресейлік әскери бөлімге шабуылдауды жоспарлаған

Бейсенбі күні Қазақстан ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов мәлімдеме жасап, арнайы операцияның арқасында алты адамның ұсталғанын хабарлаған еді. Оның айтуынша ұсталғандардың барлығы жергілікті тұрғындар екен.

Сенімді дерек көзінің мәлімдеуінше, аталмыш радикалды топ ресейлік әскери бөлімге шабуыл жасауды көздеген. Шабуыл жасалғаннан кейін олар Сирияға кетуді де жоспарлапты.

Әзірге бұл дерекке қатысты Ресей немесе Қазақстан тарапынан ресми растау жасамады. ҚР ҰҚК аталған ақпаратқа орай пікір білдіруді кейінге шегеруде.


Балқаштағы радиотехникалық торап ресейлік зымыран шабуылдарын ескерту жүйесінің бөлігі болып саналады. Қарағанды облысы аумағында орналасқан бұл орталық баллистикалық зымырандарды ұшыру кезінде немесе ғарыш нысандарын қадағалау сәтінде ғарыш кеңістігінде үздіксіз барлау жүргізумен айналысады.

Балқаш торабын пайдалану туралы Қазақстанмен келісім өткен жылдың қараша айында ратификацияланған.