Оқиға қаладағы № 63мектепте болған. Көргендердің айтуынша, осының сәл алдында 13 жастағы Георгий Асадчиді сынып жетекшісі мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жер-жебіріне жетіп ұрысыпты. Тарих сабағының ортасында бала мына терезені ашып, мүғалім жанұшыра жеткенше секіріп кеткен. Салдарынан баланың екі өкшесі мен бел омыртқасы шытынаған. Анасы енді бұған мұғалімдерді кінәлауда.
Нина Асадчи, Г.Асадчидің анасы:
-Тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың кабинетіне кіргізіп алып айғайлаған. Жасаған бұзақылықтарың үшін ең кемі басқа сыныпқа ауыстырыласың, болмаса, колонияға жібереміз деп зекіпті. Балаға дауыс көтеруге олардың қандай қақысы бар?
Ал ұстаздарының айтуынша, ол үнемі сыныптағы қыз балаларға қырғидай тиіп, ұрлық жасаған кездері де болған. Сондықтан мектепішілік есепке және псхологтың қадағалауына алынған. Ұлдары тәртіп бұзғанда апта құрғатпай мектепке келетін ата-анасы да мұны білетін болып шықты.
Клара Әлжанова, №63 мектеп директоры:
-Баланың мұндай қадамға баруына бәріміз де жауаптымыз. Терезенің бектілімегені біздің кінә. Бірақ оның намысына тиетін сөздер айтты деп айыптау артық. Бұзақылық жасаған сайын сіздерді шақыртамыз. Тәрбиелейміз деп ант-су ішесіздер, бірақ тағы қайталанады. Осы жолы 5 оқушының ата-аналары арыз түсіргені рас, оны өздеріңізге де айттық
.
Бірақ ашуға мінген анасы мен өгей әкесі балаға тәрбие бере алмаған, жөнге сала алмаған мұғалімдер ғана кінәлі дейді. Сондықтан адамды өзіне қол салуға итермеледі деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалуын талап етіп отыр.
-Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақта өзінің шындығын айтып жатқанда, іске прокуратура да кірісті. Кешелі бері құзырлы орган ғимаратында Георгий Асадчиге қатысы бар мүғалімнің бәрінен жауап алынуда. Сонымен қатар, білім басқармасының да ішкі тексерісі басталып, кінәраты бар ұстазды тапсақ оңдырмаймыз деп отыр.
Loading...