Сот процессі кеше айыптаудан басталды. Айыптау құжаты 300 параққа жеткен. Кеше үш прокурор небәрі 30 бетті оқып бітті. Ал бүгін айыптау қорытындысын жария ету үшін төрт прокурор келді. Қадағалаушы орган өкілдері айыптау қорытындысын үш күнде оқып бітіруге уәде беріп отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А.Беляловтың үстінен жеті бап бойынша - 193 (заңсыз алынған ақшаны немесе басқа мүлікті заңдастыру), 182 (алдау немесе сенімге кіру арқылы мүліктік шығын келтіру ), 192 (жалған кәсіпкерлік), 220 (банктің ақшасын заңсыз пайдалану), 228 (қызметін асыра пайдалану), 325 (құжаттарды қолдан жасау немесе жалған құжаттарды сату), 218 (бухалтерлік есеп-қисап ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.
Қаржылық топтың қитұрқылық әрекеттерімен банкке 6,5 млрд теңге шығын келген, заңсыз қаржылық операциялар жалған немесе банкпен аффилиирлік байланыстағы мекемелер арқылы жүзеге асырылған .
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті