Қарағандыда заңсыз арқар аулаған табиғат қаскөйлері ұсталды

Ақпаратқа сәйкес, браконьерлер 5-желтоқсанда Қарқаралы-Қарағанды тас жолының бойында ұсталған. Тәртіп сақшылары тоқтатқан "Тойота" автокөлігінде Теміртаудағы бір ЖШС-нің директоры мен Қарағандыдағы бір аурухананың хирургы отырған. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан атылған екі арқар шықты.

Ұсталғандардың қолында аңдарды атуға лицензия болмаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.