Нина Кондрашкинаға алаяқтар алдымен әкімдіктен келе жатырмыз деп ескертіп, қоңырау шалыпты. Сый-сыяпат жеткізе келгендерін айтып, зейнетақы кітапшасын көрсетуді сұраған. Тамырын басып, күнкөрістің қиындығын сөз еткенде, елпілдеп кететін қарияны ақыры үйдегі бар қаражатты көрсетуге келістіреді екен.
Нина Кондрашкина, зейнеткер:
-Теңге банкноттарының нөмірін жазуымыз керек деді. Өйткені ақша құнсызданып кетсе, Үкімет сөздегі теңгенің орынын толтыруы керек деді. Барымды көрсетіп, жазып алуға бердім. Кейін көзді ала бере жоқ болды.
Полиция құрығына ілінген мына 23 жастағы жігіт өзінің айтуынша сыбайласымен бірлесіп, осындай 3 зейнеткерді үптеп кеткен.
Рауан, күдікті:
-Ақшадағы нөмірлерді жазып жатқан болам, ал жанымдағы серігім қарияны басқа құжаттарға жұмсап жіберді. Осыны пайдаланып қашып кетіп отырдық.
-Полицейлер,бұлардың басқа қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр. Өйткені еш жерде жұмыс істемейтін екеуінің ізіне түскенде тұрмыстары жаман еместігі көзге ұрып тұрды дейді олар. Тәртіп сақшылары кейінгі кездері осындай қылмыстардың кең етек алып кеткенін де жасырмайды.