«Облыс әкімі спорттық нысандардың дайындық жұмыстары жақсы жүргізілгендігін атап өтті. Жер жұмыстары мен фундамент жайғастыру жұмыстары басталған», - деп ақпараттандырды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа спорт нысандарының құрылысын жеке инвесторлар қаржыландырады.
С.Ахметов сондай-ақ «Жол картасы » бағдарламасы бойынша күрделі жөнделуіне бюджеттік қаражаттан 300 млн. теңгеден астам ақша бөлінген Н.Әбдіров атындағы спорт комбинатында болды. Мердігерлік ұйымның жетекшісі мәлім еткендей, қазіргі таңда осы нысанда жоспарланған жұмыстың үштен бірі атқарылып қойған. Кестеге сай, құрылыс жұмыстары 2010 жылдың қарашасының соңында аяқталуы керек, деп аталып өтілген облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратында.