Қарағандыда жарылғыш зат туралы домалақ хат келіп түсті

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 27 желтоқсанда сағат 16.46 ішкі істер департаментіне "Отто" дүкенінен жарылғыш зат қойылғаны жөнінде белгісіз біреуден хабарлама түсті.

"Арнайы өткізілген шаралар кезінде дүкенде аяқ-киім салатын қораптардың бірінде тұтандырғыш Ф-1 гранатасы, 9 мм 41дана оқ және 5,6 мм 50 оқ табылды", -деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.