Қарағандыда жарылыс салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды

ТЖМ мәліметінше, 27 мамырда 16 сағат 31 минутта Қарағанды қаласында 5 қабатты көп пәтерлі үйде газ жарылысы болды. "Газ таратушы қондырғының герметикалық қасиетін тексеру үшін қосқан кезде газды-ауалы қоспа жарылды, әріқарай тұтанған жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Соның салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілді.