Әр отряд ертегі кейіпкерлерінің мүсінін мұздан қашап жасады. Шеберлер қолынан шыққан туындылардың үздігін арнайы комиссия анықтап, жеңімпаздар сый-сияпатқа ие болмақ әрі олар қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталады. Ал бұл игі істің кейін рақымшылыққа ілігуге көп көмегі тиеді
дейді колония басшылары.
- Осындай мұз айдынын істеп жатырмыз. Алда келе жатқан мерекеге дайындалып жатырмыз. Әр отряд өзінің қиялына қарай осындай көріністер жасап жатыр. Баршаларыңызды шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын, дейді жазасын өтеуші Дастан Нығметжанов.