"Жеке баспана тұрғызуға жер телімін алу кезегінде 6700 адам тұр. Сәулет бөлімі біздің бөліммен бірлесіп, қаланың бас жоспарының негізінде жер телімдерін орналастыру схемасын жасады. "Оңтүстік Шығыс тұрғын үйлер ықшамауданы", сондай-ақ, "Күңгей" ықшамауданындағы зона жайлы сөз болып отыр, - деді Б. Асанов.