Полиция ақпаратына сәйкес, кешкісін жұмыстан оралған 40 жастағы жинақ иесі үйінің есігін біреулердің бұзып, пәтерден жеке меншік суық қарулардың жинағы мен алтын бұйымдарды тонап кеткенін бірақ білген. Сөйтіп оның көп жыл бойы жинастырған, аукциондарда сатып алған және дос-жарандары сыйға тартқан жинағы қолды болды.
Тәртіп сақшылары ұрыны әзірге құрықтай алған жоқ. "Қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдар анықталу үстінде. Тәртіп сақшыларының жорамалына сәйкес, бұл кәнігі тонаушылардлың ісіне ұқсайды", деді Қазыбек би аудандық ІІБ-ның баспасөз хатшысы Валентина Ерещенко.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті