Соңғы рет тұрғындар балалар ойнайтын ауладан қадалған 17 пышақты байқаған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Бұл жағдайға байланысты жұрттың ойы сан саққа жүгіруде. Бірі мұны ауланы абаттандыратын жұмысшылар тастап кеткен десе, екіншілері жын-шайтандарды шақыратын діни жоралғы екенін айтып, қара аспанды төндіріп жүр. Автор: Саят Сабдалы 02.08.2018 Түркістан облысында банкомат тонамақ болған ұрыларға күзетші қарсылық көрсетті Павлодарда бір мезетте тіркеуден шығып қалған тұрғындар шу шығарды Шығыста жолаушылар автобусы көпірден ұшып кетті Алғашқы 25 пышақ көше бойында отырғызылған гүлдердің арасынан табылды. Мұны көргендер бұларды абаттандырушылар тастап кетті деп болжаған. Аз уақыттан соң тура осындай 72 пышақ екінші бір көшедегі гүлдердің арасынан алынды. Ал қаланың саябақтарды басқару бөліміндегілер абаттандыру жұмыстарына пышақты қолданбайтындарын айтып ант су ішуде. Артынша, аулалардың бірінен тағы 17 пышақтың қадалып тұрғанын көрген жұрттан тіпті зәре кетті. Осы арада жергілікті әулиесымақтар бұл шын-шайтанды шақыратындардың ісі деп жатыр. Ал тәртіп сақшылары әзріге қара жерге қадалған пышақтардың құпиясын аша алатын емес. Сондықтан ойы сан-саққа жүгірген жұрт полициядан елді дүрліктіргендерді тезірек табуды талап етіп отыр. Вероника Бабаева, Қарағанды қаласының тұрғыны: - Қазір біз сан түрлі болжамды ойлап тауып, дүрліккеніміз дүрліккен. Мұны әрқайсысы өзіне жасалған бір діни жоралғы деп бастары айналып жүр. Ауладан табылған пышақтармен балаларға қастандық жасалғалы жатыр деп соғып жүргендер де бар. Болжамдардың ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан полицейлер осыны істегендерді тауып, елді сабасына түсіргені жөн.