Қарағандыда жоғалған қыз іздестіріліп жатыр


«Полицияға  Карина Дүйсенбекованың із-түзсіз жоғалғаны хабарланды. Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Қыздың жоғалғаны туралы оның таныстары ВКонтакте әлеуметтік желісінен хабарлаған. Ақпаратқа сәйкес, К. Дүйсенбекова 15 тамызда кешке Қарағандының Оңтүстік-Шығысындағы «Ариста» мейрамханасының маңындағы ауданда жоғалған. Жоғалған қыз «топографиялық кретинизмнен» (бейтаныс жерде жол таба алмау - ред.) зардап шегетіні айтылды.