Қарағандыда жоғарғы қабаттан лақтырылған бөтелке дәрігердің басын жарды

Тіс емдеу клиникасының қызметкерлері шатырларына жоғарыдан түскен бөтелкені алуға шыққан екен. Сатыағашты қойып көтіріліп бара жатқанда жоғарғы қабаттан тағы екі бөтелке ұшқан. Оның бірі клиниканың мейірбикесі Ділбара Кенжетаеваның маңдайына тиіпті. Бас сүйегі сынып, миы шайқалған оның қолынан да көп қан кеткен екен. Сөйтсе бос бөтелкелерді оныншы қабатта араққа сылқия тойып алғандар лақтырыпты. Келген полицейлерге есік ашпаған соң, құтқарушыларды шақыртып бұзып кіруге тура келді. Стоматология қызметкерлері тұрғындар балконнан тастайтын күл- қоқысты жинап шаршадық дейді. Полицияға арызданса,  біреуге зақым келгенде ғана шақыртыңдар деп шалқайып жүріп алады екен.


Ділбара Кенжетаева, зардап шегуші
:

-Алла сақтаған қайта. Күнде күнде бірдіңелерді тастай береді. Бірінші қабат тұрғындары зардап шегуде.  Қарамайды тастап береді. Күнде санитаркалар бір пакет қоқыс  жинап алады.