Қарағандыда жол апаты салдарынан бес адам, соның ішінде екі бала жараланды

Жол апаты Бұхар жырау даңғылы мен Лобода көшелерінің қиылысында болып, "Ауди-100", "ВАЗ-2106" және екі бірдей "Сузуки" автокөліктері соғысып қалды. Апат салдарынан "Сузуки" автокөліктерінің жүргізушілері мен үш жолаушы, соның ішінде 3 және 11 жастағы екі бала жараланды. Олардың бәрі де ауруханаға жатқызылды.