Қарағандыда жол апаты салдарынан бір адамды өлтіріп алған жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Көлігінің тізгініне ие бола алмай оны аударып алған "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Апат салдарынан бір адам мерт болып, тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Шығыс Қазақстан облысында болған тағы бір осындай апат салдарынан аударылып кеткен Мазда автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы қаза тапты. Екі жолаушы жараланды.