ТЖМ мәліметтері бойынша, 10 ақпанда сағат 11.57 "Тойота" жеңіл көлігі "Ниссан" көлігімен қақтығысқан. Жол апаты салдарынан "Тойота" көлігінің жүргізуші және онда отырған үш жолаушының екеуі оқиға орнында көз жұмды. Ал "Тойотада" отырған үшінші жолаушы және "Ниссан" көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, оның ішінде алты жасар қыз бала ауруханаға жеткізілді.