Апат кеше Ермеков пен Газалиев көшелерінің қиылысында болған.
«ВАЗ-2107» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Ермаков көшесінен 45-квартал бағытында келе жатып, жол ережесін сақтамай «HONDA» мотоциклімен соғысты. Мотоциклды 26 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан. Апат зардабынан жүргізушінің өзі мен 26 жасар жолаушысы қаза тапты», - делінген хабарламада.
ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірқатар сараптамалар тағайындалды, «ВАЗ 2017» автокөлігінің жүргізушісі уақытша қамаққа алынды, деп қосты облыстың ІІД баспаөз қызметі.