Қарағандыда жолаушы поезы адамды қағып өтті

ТЖМ ақпараты бойынша Қарағандыда 17 наурызда 21 сағат 50 минутта Астана - Алматы бағытындағы №2 жолаушы поезын жүргізген машинист бір ер адамды қағып өтті. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Поезд қозғалысы 20 минутқа тоқтатылды.