Қарағанды облысында жолаушылар пойызы өртенді. Астана – Сарыағаш бағытындағы пойыз вагондарының біріндегі үш купе отқа оранған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Өрт дабылы қағылысымен 19 вагон тіркеген пойыз Қарағандыдан шыға бере тоқтапты. Жолаушылар тегіс түсіріліп, өрт сөндірушілер 1 сағаттай уақытта қызыл жалынды сөндірді. Бірақ, мұның кесірінен 5 бірдей жолаушылар пойызы кестесінен 3 сағатқа дейін кешіккен. Ал өрт ошағындағы жолаушылар, қалған 18 вагонға мініп, сапарын жалғастырды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.