Қарағандыда жолдарды жөндеуге байланысты троллейбустар тоқтап қалды

А.Шәкеновтың хабарлауынша, троллейбус шаруашылығы автожолдарды жөндеу салдарынан жыл сайын қыруар шығынға батады. Оны ешкім өтеп бермейді. Орта есеппен троллейбустардың бір тәулік қозғалыссыз тұруы 100 мың теңге шығынға ұшыратады. "Өткен жылы біз Орталық даңғылды жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуынан 5 млн. теңгеден айрылдық",-деді ол.

Сондай-ақ, А.Шәкеновтың айтуынша, жөндеу жұмыстары басталатыны туралы троллейбус шаруашылықтарын ешкім де алдын-ала ескертпейді. "Бізге жөндеу жұмыстары туралы бірде-бір мәрте ресми хабарлама келген жоқ. Жөндеу жұмыстарының кестесі мен орнын бізбен келісіп көрген емес",- деді ол. А.Шәкенов: "мұндай құжаттар сотта біздің пайдамызға шешім шығарылуына салмақты сылтау бола алады. Сол себепті де бізден ешкім рұқсат сұрамайды",- дейді.
Қарағандыдағы жалғыз троллейбус паркі №7 және №2 екі бағыт бойынша жолаушы тасымалдайды.