Бөлімше командирі Серік Оспановтың айтуынша, кетер алдында қатардағы жауынгер азық-түлік сатып аламыз деген сылтаумен әріптестерінен 5 мыңдай теңге жинап алыпты. Артынан қарауылда тұрған сәтте қоқыс төгемін деп шыққан беті бөлімшеге қайта оралмаған.
Қазір оны іздестіру шаралары жүргізілуде. Ата-анасына хабар берілді. Басшылық бұл бөлімшеде әлімжеттік оқиғасы жоқ деп сендіруде. Жауынгердің қашып кету себептерін олар әлімжеттікпен байланыстырмайды. Дегенмен, бұл - осы бөлімшеде биыл шыққан екінші әскерден қашу оқиғасы.