Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«28 қараша күні Бұқар жырау даңғылында орналасқан букмекерлік кеңсенің біріне бетперде киген екі азамат кассир мен күзетшіні тапаншамен қорқытып, оқ атып, бар қаражатты беруді талап еткен», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, қазіргі уақытта меморандумға сәйкес көлемді қаражаты бар нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері күзет жұмыстарын атқарып жатыр.
«Букмекерлік кеңседе облыстық ІІД жедел әрекет ету тобының қызметкерлері болған. Олар қаруланған қылмыскерлерді ұстау мақсатында ескертіп, оқ атқан. Алайда тонаушылар оқиға орнынан ізін суытпаққа әрекеттенген соң тәртіп сақшылары табельдік қаруды қолданды», - деп түсіндірді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратынша, шабуыл жасағанның біреуі жарақаттанған. «Оған медициналық көмек көрсетілді, қарауылшы жасақ қойылды. Екінші қылмыскер оқиға орнынан ізін суытты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 179 бабына сәйкес (қарақшылық шабуыл) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық прокуратура табельдік қару қолданылуы мәселесін тексеруде», - делінген хабарламада.