Қарағандыдағы аудандық сот балалары Сербияда өндірілген БЦЖ вакцинасынан зардап шеккен аналардан 20 шағым қабылдады

Сотқа бір уақытта 20 шағым түсірілген. Бұл іс бойынша сот алдында ҚР денсаулық сақтау министрлігі жауап беруде. Ата-аналар моральдық және балаларды емдетуге байланысты материалдық шығынның орнын толтырып беруді талап етіп отыр. Шағымдардың құны 1-5 млн. теңге аралығында бағаланған.

Алғашқы сот мәжілісінде денсаулық сақтау министрлігінің өкілі шағымның бірде-біреуін мойындамады. Келесі сот отырысы 16-қарашаға белгіленді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, осындай зардап шеккен бір ананың ҚР денсаулық сақтау министрлігіне қарсы шағымы бойынша өткізілген тұңғыш сот мәжілісінде шығарылған шешімге екі жақ та қанағаттана алмады. Сот баласы зардап шеккен Елена Васецкаяның моральдық шығынын өтеу үшін 50 мың теңге төлеуді ҚР денсаулық сақтау министрлігіне міндеттеді. Ал жауап беруші бұл шешімді мойындаған жоқ. Шағым иесі Қарағандыдағы аудандық соттың шешіміне қарсы ҚР Жоғарғы сотына арыз берген.