Қарағандыдағы бір әскери бөлімшеде бір әскер өзіне өзі қол жұмсаған

"Бұл азаматтың асылып өлуіне ненің түрткі болғандығы туралы айту әзірге ертерек. Тергеу жұмыстары - барлық болжамдар, соның ішінде әлімжеттік жасалуы мүмкін деген болжам да қаралып жатыр",- деп хабарлады Абай Увайдильдинов.

Оның айтуынша, 3-қаңтарда тергеуге дейінгі тексеру жүргізілгенен кейін, әскери-тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 370-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған (бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу). Ол сондай-ақ, шұғыл қызметтегі қатардағы әскер қазақстанның әскер қатарына 2007 жылдың қараша айында шақырылғандығын хабарлады.