Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарланды.
«23 қаңтар күні 21.35-те Қарағандыда Ермеков көшесінде орналасқан Баспа үйінің бірінші қабатындағы дәмханада, алдын ала нұсқа бойынша, газ баллоны жарылған. Зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді, қаза болғандар жоқ», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, бірақ эвакуацияланған адамдардың нақты саны әзірге белгісіз.
ТЖ орнында қазір жұмыстар жүргізілуде.
«Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», - деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметінде.