Қарағандыдағы ірі базарлардың бірінде өрт шықты

Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің ақпаратына сәйкес, бір жарым сағатқа созылған өрт сөндіру жұмыстарына жеті өрт сөндірушілер бригадасы жұмылдырылды. Базар директорының орынбасары Александр Холиннің айтуынша, дүйсенбі - базарда демалыс күні болуының арқасында ғана ешкім зардап шеккен жоқ. Базар қызметкерлері өрт қасақана жіберілді деген пікірде.

Өрт салдарынан екі контейнердегі тауарлар түгелімен жанып кетті. Тілсіз жау мен түтіннен тауар қоймалары да қатты зардап шеккен. Қазір өрттің шығу себептері дәйектеліп, шығын көлемі есептелуде.