Қарағандыдағы медицина мекемесінде қан және оның компоненттерін сақтау тәртібіне қатысты заң бұзушылықтар анықталды

Кешенді тексерулер Қарағанды көлік прокуратурасы мен көліктегі санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және басқада медицина қызметтерімен бірлесе жүргізілген.

Тексеру кезінде медицина мекемесінде гемозаттарды сақтайтын арнайы бөлменің жоқтығы белгілі болды. "Қанның компоненттері пайдаланғанға дейін арнайы медициналық жабдықтың жоқтығынан тұрмыстық тоңазытқышта сақталады",-дейді қадағалау органының өкілдері.

Сонымен қатар, тексеру нәтижесі көрсеткендей, АҚ бөлімшесінде "орталық қан тамырларына егу үшін қажетті бір реттік инелер жоқ .Себебі, олар республиканың денсаулық сақтау жүйесінде қарастырылмаған".

Тексеру қортындысы бойынша бөлімше директорына ескерту жасалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті