Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінен жарылғыш зат ізделді

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Өткен сенбіде сағат 21.42-де ІІД Жедел басқару орталығына сауда мекемесінің бақылау қызметінен хабар түсті. Жасы 50-60 шамасындағы белгісіз азамат оның дипломатында жарылғыш зат барлығын айтып, ізін суытады», - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Оның хабарлауынша, төтенше оқиғаға байланысты супермаркеттен 102 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. «Тексеріс кезінде жарылғыш зат табылмады. Лаңкестік акті жасалады деген жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.