Қарағандыдағы ұшақ апатына айыпты саналған Ресейлік зауыт кінәсін мойындамауда


Директордың пікірінше, әуе кемесі апатқа ұшыраған соң қолға алынған тексеру жұмыстарына Ресейлік сарапшылар кірмей қалған. Бұл оқиғаның себеп-салдарын анықтауға байланысты жасалатын келісім-шартқа кереғар екен. Ресей тарапы енді сараптаманы қайта жүргізуді талап етпек. Естеріңізге салсақ, Қарағанды облысында сәуірдің 24-күні оқу-жаттығу өткізіп жүрген МИГ 31 ұшағы апатқа ұшыраған-ды. Оқыс оқиғадан экипаж командирі қаза тауып, штурман жарақат алған. Ал апат себептерін тексерген комиссия ұшақтың құлауына Ржев зауытың салғырт жүргізілген жөндеу жұмыстары себеп деген қорытынды шығарған болатын.