Қарағандыға бүгін кезекті жетінші "жасыл керуен" келіп жетті

Облыс әкімі Нұрлан Нығматулиннің бастамасымен халықты жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету және өңірде бағаны тұрақтандыру мақсатында жыл сайын "жасыл керуен" бағдарламасы жүзеге асырылады. Осы мақсатпен облыстағы "Агро-Консалтинг-К" кәсіпорны Тәжікстан мен Өзбекстанның ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен Қарағанды облысына жалпы салмағы 1800 тонна жаңа піскен көкөніс жеткізу жөнінде шарт жасасты.

Бүгін "КамАЗ" жүк көліктері 120 тонна қызанақ, қияр, сәбіз, картоп, қырыққабақ пен пияз жеткізді.

Өнім коммуналдық базарларда нарықтағы бағадан 30 - 40% арзанға сатылуда.

Жалпы алғанда Қарағандыға 900 тоннаға жуық көкөніс жеткізілді.