Қарағандыға Германияның бизнес- делегациясы келді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 21 қарашаға дейін созылатын сапар аясында бүгін облыс басшылығының бизнес-делегация өкілдерімен кездесуі өтіп, Германияның іскерлік ортасы өкілдері мен қарағандылық кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынас биржасы ұйымдастырылады.

Делегация сондай-ақ, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ (болат және көмір департаменті), Көмір өндіруші өнеркәсіптік кәсіпорындар қауымдастығы - "Гефест" өкілдері мен облыстағы басқа да кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды әкімшіліктегілер.

"Германияның бизнес-делегациясы сапарының басты мақсаты - екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту, еліміз экономикасының басымдық берілген салаларына озық неміс технологияларын тарту болып табылады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Германиялық кәсіпкерлер Қарағанды облысына Германияның Федералдық экономика және технологиялар министрлігінің қолдауымен келді. Делегация құрамында Германияның Федералдық экономика және технологиялар министрлігінің Орталық Азия жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары Франк Вайзиг пен Қазақстандағы ГФР елшілігінің тұрақты өкілі Хайнс Йохан Шмидт бар, деп хабарлайды әкімшіліктегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті