Қарағандыға Өзбекстаннан шыққан “жасыл керуен” келіп жетті

Өзбек көкөнісшілері Қарағандыға қырыққабат, қызанақ, пияз және қызылша әкелді. “Жасыл керуен” жеткізген көкөністердің бағасы базардағы бағадан 10-15 процент арзан болмақ.

“Облыстық әкімшілік “Агроконсалтинг” АҚ атты делдал фирма арқылы Өзбекстанмен ерте піскен көкөніс өнімдері мен консервіленген өнімдерді алуға шарт жасасты”,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Камалиев. “Әзірге өнімдер аз көлемде жеткізілуде. Бұдан былай олар темір жолмен тасымалданады”,- деді ол.
Әкім орынбасарының айтуынша, өнімді сақтау үшін Қарағанды мен Теміртауда қайта құру дәуірінде қиратылған жеміс-көкөніс базаларын қалпына келтіру көзделіп отыр.