Қарағандылық 18 жастағы бойжеткен Бахрейнде секс-құлдықтан құтқаруын сұрайды

Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. Айтуынша, ол бұл елге сүйіктісі арқылы жұмыс тауып берем деп уәде берген құрбысымен бірге барған. 

Бойжеткен тілшімізге телефон арқылы құрбысының массаж жасаушы қызметін тауып беруге уәде бергенін, бірақ Бахрейнге ұшып келген соң жағдайдың басқаша болғанын айтып отыр. Қазақстандықтан паспортын алып қойып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. "Танысқанымызға 1,5 жыл болған құрбым Бахрейнге шақырды. Маған билет сатып алып беріп, тіпті пәтер жалдады. Массаж туралы ғана сөз болған, жезөкшелік жайында ештеңе айтпады. Таяуда ғана 18-ге толдым (...) Мен екі ай бұрын Бахрейнге келдім, бір аптадай болатын шығармын деп ойладым, - дейді ол. - Екінші күні жезөкше болып жұмыс істейсің деп, билет пен қонақүйдің құнын өндіріп беруімді талап етті. Клиенттерімнен көмектесуін сұрап, жыладым. Солардың бірі маған 200 динар берді, қалған ақшаны қайдан алатынымды білмеймін. Анам Қарағандыда, жылап жатыр, бұл жақтан кетуіме көмектесіңіздерші", - дейді қыз. Алайда ол аты-жөнін атағысы келмеді. "Бір апта ішінде төрт қонақүй ауыстырдық, бұл жақтан да алып кетуі мүмкін (...)", - дейді ол.

Мұнымен қатар, бойжеткен өзіне үркітіп, қорқыту мәніндегі сөздердің айтылып жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, ол сутенерлерге шамамен миллион теңге берешек екен. Бұл қаражатты ол 27-сіне дейін төлеуіс тиіс, олай болмаған жағдайда өлтіріп кетемін деп қорқытады екен.


Қыз әлсіреп қалғанын айтады. Өзімен бірге сексуалдық құлдықта тағы да басқа қазақстандық қыздар бар екен. 18 жастағы бойжеткеннің 2,5 жастағы баласы бар болып шықты. "Мен 15 жасымда тұрмысқа шықтым, босандым. Бірақ күйеуіммен ажырасып кеттік", - деп хабарлады ол.

Қонақүйде түсірілген бұл видеоны қыз редакцияға жолдады.

Loading...

Tengrinews.kz редакциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен осы оқиғаға байланысты түсінік алды. Баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, қазақстандық дипломаттар бұл мәселені шешу үшін жұмысты бастап кетіпті. "Қызға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз", - деді ҚР СІМ өкілдері.