Қарағандылық 76 жастағы марафоншы П.Сиротин Мәскеудің халықаралық бейбіт марафонына қатысты

«Бұл марафон Мәскеу Олимпиадалық ойындардың өткізілгеніне 30 жыл толуына орай өткізілді. Зор күш-қуат пен намысшылдық таныта білген П.Сиротин 42 шақырым 195 метр қашықтықта 4 сағат 46 минут 44 секундта жүріп өтті. Бұл сапар Қарағанды қаласының әкімдігінің қаржылай көмегінің арқасында жүзеге асырылды», - деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Зейнеткер П.Сиротин үшінші топтағы мүгедек екендігіне де қарамастан, классикалық марафондарға қатысуын жалғастыруда. Оның есебінде бұл 285-інші марафон. Қарағандылық марафоншы аңызға айналған Ленинград облысындағы «Өмір жолы» жүгіруіне де 25 рет қатысқан.