Қарағандылық әйел күйеуін досымен жатқан жерінен ұстап алған

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлады.

«Күйеуге шыққаныма 10 жыл болды. Оның жақын досы бар. Олар үнемі бірге жүреді. Екеуі балабақша кезінен дос. Жұмыс күндерінің бірінде жұбайыма демалыс болған еді. Үйде сөмкемді қалдырып кетіппін. Ақшам, құжаттарым сонда. Көлікпен жүргендіктен, сөмкемді алу үшін түс кезінде үйге бардым. Бармай-ақ қоюым керек еді. Сонда көрген нәрсеме әлі күнге дейін жаға ұстаймын. Күйеуімнің досымен төсекте жатқанының үстінен түстім. Не істерімді білмеймін. Енді қалай онымен өмір сүремін? Екі баламыз бар. Олардың әкесіз қалғанын қаламаймын. Кейде одан да қасында әйел жатқаны дұрыс еді деп қоямын» деп жазады қарағандылық келіншек.

Ол бұл хатты жазуға көпке дейін дәті бармай қойғанын айтыпты. Тіпті бұл әйел болған жайтты жақын құрбыларынан да жасырып жүр екен.