Қарағандылық аяқдопшылар Анталияда Тбилисидің "Гагра" командасымен жолдастық кездесу өткізеді

2004 жылы Тбилисиде құрылған «Гагра», 2010-2011 жылдардағы маусымда Бірінші лигада үздік шығып, былтыр Грузия чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсеткен болатын. Анатолий Писковец жаттықтыратын бұл команда Грузия чемпионатында 8-інші орын алып, былтыр ел кубогының иегері атанған еді.

Қарағандылықтар келесі кездесулерін 8 ақпанда поляктардың «Гурник», 10 ақпанда өзбектердің «Бунёдкора», 14 ақпанда украиндердің «Севастополь» командаларымен өткізбек. Миржалол Касымов жаттықтыратын ташкенттік аяқдопшылар Өзбекстанның жоғары лигасында өнер көрсетеді. БАӘ-нен 28 қаңтарда оралған олар, өткен аптада «Dubai Matchworld Cup 2012» халықаралық турнирінде 3-інші орын алған болатын. Ал Польшаның «Гурник» пен Украинаның «Севостополь» командалары Бірінші лигада ойнайтын командалар.

Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтар бұған дейін Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 5-25 қаңтар күндері Сиде қаласында өткізген еді. Онда соңғы кездесуін Анталияда Запарожье қаласының «Металлург» командасымен өткізіп 2:0 есебімен басым түскен болатын. Алдыңғы жылы Украинаның Бірінші лигасынан түсіп қалған бұл команда 21 турдан кейін онда көш бастап келе жатыр.