Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық сотында жезөкшелікпен айналысатын мекенді ұйымдастырумен және жеңгетайлықпен айналысқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Аудандық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы бірнеше сотталушымен алдын ала сөз байласып, тұрмысы нашар отбасыдан шыққан қыздарды жезөкшелік құлдыққа салу туралы қылмыстық жоспар құрған. Қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Сот үкімімен айыпталушы бірнеше қылмыс жасауда кінәлі деп танылып, жалпы мерзімі 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және оның мүлкі тәркіленіп, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.