Қарағандылық бизнесмендер Кәсіпкерлердің ұлттық палатасын сотқа берді

Олег Кондратовтың автокөлік бизнесімен айналысқанына 10 шақты жылдан асты. Алғашында автобөлшектер саудалаған ол қазір көлік жөндеу бекеттері мен автодүкен желілеріне жетекшілік етеді. Өзінің Қазақстан кәсіпкерлер палатасына мүшелікке енгенін білгенде таңданғанымен, орта бизнес өкілі ретінде жылына 300 мың теңге төлейтінін естіп абдырап қалған.

Олег Кондратов6 ЖШС директоры:

-300 мың теңгені қосымша салық салу деп түсінемін мен. Өйткені палата мен үшін не бітіріп жатыр? Еркімнен тыс мүшелікке қосып алғаны ма, әйтпесе олар мені қандай жаудан қорғайды? Салықты төлеп отырмыз, бизнесім заң аясынан шығып жатқан жоқ.

Кәсіпкерлер палатасымен ойы кереғар келген  жалғыз Олег Кондратов қана емес. Еліміздің әр аймақтарынан тағы да отызға тарта орта және ірі бизнес өкілдері дәл осындай шағым айтуда.

Нұрхан ЖҰМАБЕКОВ, заңгер:

-Міндетті жарнаның дәл осындай мөлшерде болуы керектігі туралы Кәсіпкерлер палатасы президиумының шешімін бірде бір бизнесмен көзімен көрген емес. Адамдарға шотты әкеліп береді де, төлеңіздер дейді. Ең құрығанда президиумның шешімі бір жерде ресми түрде жарияланса екен. Соған қарап, оған шағым жазар едік. Бірақ ол да жоқ болып тұр ғой.

Кәсіпкерлер палатасына тіркелеген шағын бизнес өкілдері 2019 жылға дейін төлемдерден босатылған. Ал орта және ірі кәсіп өкілдерін міндеттелген соманы тіркеуге алынған кәсіпкерлердің 30 пайызы төлегенде өткен жылғы бюджет 8 миллиард теңгеге байыған. Бірақ палата басшылығы мүшелік жарнаны күштеп төлете алмаймыз деп отыр.


Абылай Мырзахметов, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төрағасының орынбасары:

-Кәсіпкерлер ерікті түрде төлем жасауы үшін оларға палатаның пайдасы барын жете түсіндіріуміз қажет. Бұл бизнесті жүргізуге экономикалық және заңдық ақыл кеңестер беру. Осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Нәтижелер де бар. Өркениетті елдерде бұл әлдеқашан жолға қойылған.

Кәсіпкерлер мен олардың құқықтарын қорғау үшін құрылған Ұлттық палата арасындағы  сот процестері айдың аяғында басталады. Бір қызығы қаңтар айының 27-сіне Палатаның кезектен тыс сьезді өтуі жоспарланып қойыпты. Онда кәсіпкерлердің арыз шағымдарына байланысты мүшелік жарна көлемін 2-3 есеге дейін азайту мәселесі қаралады екен.    

Loading...