Қарағандылық боксшы 60 килолық салмақ дәрежесінде олимпиада додасының жартылай финалына шықты

"Жартылай финалға шығу үшін С.Елеуов 29:23 деген ұпаймен итальяндық Доменико Валентиноны тізе бүктірді. С.Елеуов 1998-жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде жеңіске жетіп, Афиныдағы табысқа негіз қалаған",- дейді 1996-жылғы олимпиаданың қола жүлде иегері Болат Ниязымбетов.

Олимпиаданың жартылай финалында С.Елеуов 27-тамыз күні Ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Амир Ханмен сайысқа түседі.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін екінші қола жүлде болмақ. 69 кило салмақ дәрежесінде жарысқа түскен Тараздық боксшы Бахтияр Артаев та өзіне қола жүлдені қамтамасыз етті.
Жалпы алғанда Қазақстандық сегіз боксшыдан үш адам медаль үшін сайысты одан әрі жалғастыруда.
Бүгін 2003-жылғы әлем чемпионы Геннадий Головкин жартылай финалға шығу үшін Египеттік Яссер Рамаданмен қолғап түйістіреді.