Қарағандылық эпидемиолог мамандар өңірде құс тұмауының таралмауына шаралар қолдануда

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Аликованың айтуынша, мұндай төтенше нұсқау әзірлеуге Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Таиланд елінде адамдардың құс тұмауына шалдығу оқиғасы 17 мәрте тіркеліп, олардың 12-сі кісі өлімімен аяқталды деген ақпараты түрткі болған. Зертханалық зерттеулер құс тұмауының вирусын кәдімгі асыранды үйректер тарататынын дәлелдеген.

Л.Аликованың айтуынша, осыған байланысты мамандар фермерлерге кейбір бұлжымас ережелерге бағынуды ұсынады. Атап айтсақ, қаздар мен үйректерді жеке ұстау қажет, су көздері оқшаулануы тиіс, бұл көздерден алынған су шаруашылық мақсатта мүлдем пайдаланылуға тиіс емес, деді Л.Аликова.