«Қарағандылық» футболшылар Анталияға аттанады


Алғашқы жиынын олар онда 9-27 желтоқсан күндері өткізген болатын. Биыл чемпиондық атағын сақтап қалған қарағандылықтар жаңа маусымға әзірлік кезінде 3 жолдастық кездесу өткізді. Алғашқысын 14 желтоқсанда Алматының «Қайратымен» өткізген чемпиондар 0:2 есебімен күтпеген жерден жеңіліс тапты. Виктор Кумыков баптайтын «шахтерлар» одан кейін ҚР Тәуелсіздік күні Малайзияның жастар құрамасын 3:0 етіп жеңіп жанкүйерлерін бір желпінткен еді. 19 желтоқсанда Ресейдің Нальчик қаласының «Спартак-Нальчик» командасымен болған ақтық ойында 0:1 есебімен қарсыласына есе жіберді.