Қарағандылық футболшылар Либерецте Чехияның «Слован» командасына 0:1 есебімен есе жіберді

Ресейлік қазылар төрелік еткен бұл кездесуде алаң иелері сапынан Войтех Гадашчок 23-минутта Александ Мокин қорғаған қақпадан саңылау тапқан еді. Аяқдопшылар бір-бірінің қақпасына одан кейін де бірнеше мәрте қауіпті жағдай туғызғанымен, таблодағы көрсеткіш ойынның соңына дейін өзгеріссіз қалды.

Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтар енді 24 шілдеде өз алаңында қарымта кездесу өткізеді. Қазақстан чемпионы жарыстың келесі кезеңіне өту үшін қонақтарды кемінде 2 ұпай айырмашылығымен ұтуы керек.